Парламент

Мәжілісте Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі қаралды

Өңірлік саясат кеңесі мен мәслихаттар жұмысының отырысында ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі талқыланды. Ол ҚР «Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару» заңының тұжырымдамасы ретінде талқыланды.
Астана қаласы26 Маусым , 13:14

«Белгілі болғандай, 2012 жылы ҚР Президентінің тұжырымдамасы бойынша жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы  жергілікті өзін өзі басқарудың  ұзақмерзімді мемлекеттік стратегиясы қабылданды. Аталмыш Концепцияны жүзеге асыру үшін 2013 жылы «ҚР заңнамасына жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңы қабылданды», - деді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Қайрат Өскенбаев.

«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде жергілікті өзін өзі басқарудың кіріс көздерінің сомасы аз болғанымен, аталған қаржыны толықтыру мен оны жұмсау тетігі жергілікті тұрғындарды жергілікті қоғамдастықтың жұмысына белсенді тартуға ықпал етіп отыр. Аталған мәселені шешу үшін заңға өзгерістер енгізілді. Жергілікті маңыздағы іс-шараларды қаржыландырумен байланысты мәселелер бойынша жиын өткізу мен жергілікті тұрғындарға жергілікті мәселеелрді шешуге бөлінген қаржы мен бюджет қаржысының жұмсалуына үргізілетін мониторинг жұмыстарына қатысуға мүмкнідік жасау міндетті болып табылады»,-деді Қ.Өскенбаев.   

Бұған қоса, кірістерді  пайдалану үшін әкімдер жергілікті қоғамдастықтың қатысуымен кірістер мен шығыстардың жоспарын бекітеді, тек осыдан кейін барып қана кірістер жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге бағытталады. «Биылғы жылдың 1-мамырындағы жағдай бойынша, жалпы көлемнен түскен қаржының аталған бағытқа 352 млн теңгесі жұмсалды»,-деді вице-министр.  

Индира Кауметова

 

 

 




Яндекс.Метрика