Басқару

ҚР-да сарапшылар дайындайтын мектеп ашу жоспарлануда

«Алдағы 3,5 жылдың көлемінде Ұлт Көшбасшысының Сараптама орталығы кәсіби сарапшыларды дайындайтын ұлттық мектеп құрып, әлемдік деңгейдегі жетекші деген «ойлау фабрикасы» өкілдерінің қатарына кіруді жоспарлап отыр, деді Ұлт Көшбасшысы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шәймергенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы26 Маусым , 13:07

«Алдағы 3-5 жылдың көлемінде кітапхана ең үздік стандарттар бойынша кәсіби сарапшылар дайындайтын жеке ұлттық сарапшылар мектебін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Өкінішке орай, бүгінде Қазақстанда оларды дайындамайды»,-деді Т.Шәймергенов.   

Оның сөзінше, кітапхананың сараптау орталығы ең үздік әлемдік оқулықтар мен әдістемелер негізінде қолданбалы сараптау әдістемесі бойынша бірінші оқулық дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

«Қазіргі таңда біз сараптау әдістемесі бойынша кең ауқымды кәсіби кітапхана, мемлекеттік басқару бағытындағы үздік мектептердің кеңестері негізінде оқулықтар дайындаудамыз. Бұл бірінші сараптама бойынша бірінші ұлттық оқулықты, аталған саланың мамандарын дайындауда жақсы негіз болады. Бұл Қазақстандағы сараптамалық қоғамдық қалыптастыру ісіне қосылған айтарлықтай үлес болады деген ойдамын»,-деді ол.  

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика