Астана күні

«Сарыарқа» велотрегі Қазақстандағы жаппай спорттың дамуына септігін тигізуде

Астана күні қарсаңында «Strategy2050.kz» елордадағы маңызды нысандар туралық материалдар желісін жариялауды жалғастыруда.
Астана қаласы26 Маусым , 15:21

 «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК ресми ашылуы 2013 жылы 13 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.

Велотрек - велошабандоз  шлемі түрінде - өзіндік спорт кешендерінің бірі ретінде мойындалған. Оның күмбезіне және 58 мың шаршы метр алаңына- велотректің өзінен басқа спорттың барлық түрлері бойынша әртүрлі спорт залдары, фитнес орталықтар, бассейн, баскетбол алаңдары, мұз айдыны, мәжіліс залдары, мейрамхана және қонақ үй кешендері орналасады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық  Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауын іске асыра отырып, 2011 жылғы Азия ойындары үшін құрылған спорт инфрақұрылымын қолдана отырып жаппай спортты дамыту үшін іс-шаралар өткізілуде.

Велотрек қызметінің мақсаты жаппай дене шынықтыру спорт қозғалыстарын дамыту үшін спорт ғимаратын және жабдығын пайдалану, жыл бойы орталықтандырылған спорт қорын және барлық спорт түрлері бойынша республиканың ұлттық құрама командаларын дайындауды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Объект сыйымдылығы 9200 отыру орындарынан тұрады. Жалпы,  «Сарыарқа» велотрегі Қазақстандағы жаппай спорттың дамуына септігін тигізуде

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика