Парламент

Депутаттар Қырғыз Республикасының ЕАЭО қатарына қосылу заңнамасын қарайды

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжіліс.
Астана қаласы 26 Маусым, 12:43

Халық қалаулылары назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылып отыр.

Олар: ЕАЭО құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарға түзетулерге, сонымен қатар, Италиямен, адамдарды ұстап беру және Италиямен, Румыниямен, Болгариямен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялауға қатысты болмақ.

Сонымен қатар, жалпы отырыста 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауға байланысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалады.
 





Яндекс.Метрика