Урбанизация және өңірлер дамуы

Ақтөбе облысында құны 2,1 млрд теңге тұратын ет комбинаты салынуда

Ақтөбе облысында заманауи, құны 2,1 млрд теңге тұратын ет комбинаты салынуда, деп хабарлады «Атамекен»ҰКП өкілдері.
Ақтөбе26 Маусым , 19:38

Жергілікті мал шаруашылығы иелері шикізат базасын нығайтуда, етті өңдеу желісін іске қосып, экспорттық әлеуетті арттыруда.

Алғы ауданында аймақтағы ірі қожалықтардың бірі «АқТеп» жұмыс істейді. Оның мал семірту алаңы 10 мың ірі қара мал басына есептелген. Бүгінгі таңда мұнда 3,5 мыңға жуық сиыр семіртілуде. Қожалықтың өзінің жайылымы, 40 мың гектар жерді алып жатқан пішен ору алаңы, құрама жем зауыты бар, сонымен қатар қара шөп дайындау бойынша зәкірлі серіктестер желісі құрылған.

2015 жылдың сәуір ауында «АқТеп» қожалығында ет өңдеу комбинатының  құрылысы басталды.

«Құны екі миллиард теңгеден асатын кешеннің құрылысы 2015 жылдың қараша айында аяқталады. Жылына 7,2 мың тонна сиыр етін өңдеу көзделуде. Өнімнің 40 пайызы экспортталса, қалған 60 пайызы ішкі нарықтың қажеттілігін жабады»,  деді Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Нұрбол Аймағамбетов.

Күтіліп отырғандай сағатына 15 бас ірі қара мал сойылады. Сонынан соң неміс технологиясы бойынша мұздатылып қазақстандық және ресейлік сауда нүктелеріне жіберіледі.




Дерекнама

Яндекс.Метрика