Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбедегі жәрмеңкеде 25 кәсіпорын 300 бос жұмыс орнын ұсынды

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» Республикалық акциясы аясында «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» жобалары бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе26 Маусым , 17:34

«Акция шеңберінде Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы, қалалық ішкі саясат бөлімі, қоғамдық бірлестіктерөкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел және қол өнер туындыларымен айналысатын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың көрмесі ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.

Шара мақсаты – мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кедергісіз аймақ орнату, жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жастарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету.

Акция ұйымдастырушысы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және Ақтөбе қаласының әкімдігі «НұрОтан» партиясының АОФ.
Сонымен қатар, а.ж. шілдесінен бастап халықтың аз қамтылған санаттарына «Өрлеу» шартты ақшалай көмек көрсетуге пилоттық жобасы енгізіледі. «Өрлеу» жобасының мақсаты - аз қамтылған еңбекке жарамды отбасылар тек қана жәрдемақы алып қоймай, әлеуметтік бейімделген және кәсіби хабардар болып, әрекетсіз ақшалай көмектен белсенді отбасыға ауысып, біреудің есебінен күн көруді болдырмау болып табылады.

Аталған жобаға қатысудың басты шарты - аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерінің міндетті түрде жұмыспенқамту шараларынақатысу. Орталық мамандары осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық лифлеттер таратты.

Бүгінгі күні, бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 25 жұмыс берушіден 312 бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, жұмыспен қамту Орталығы мамандарымен әлеуметтік көмек көрсету және еңбек қатынастары бойынша кеңестер берілді.

Жәрмеңкеге жұмыссыздар, аз қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, бас бостанғынан айыру мекемесінен босағандар және жұмыс іздеп жүрген барлық азаматтар шақырылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқандар саны310 адам, тұрақты жұмысқа жолдама алғандар саны-86 адам, әлеуметтік жұмысқа жолдама алғандар саны-29 адам,22 адамға заңгер кеңесі берілді.

 




Яндекс.Метрика