Өңірлер

Бүкіәлемдік банк кеңесшілері Ақтөбенің агломерация бойынша одан әрі дамуын айқындайды

Бүкіләлемдік банк кеңесшілері Ақтөбенің агломерация түріндегі одан әрі дамуын анықтау бойынша тиісті жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері.
Ақтөбе27 Маусым , 10:32

Бұл бағыттағы жұмыстар Шымкент пен Ақтөбе қалаларының орталықтарында агломерация базасында қалалық агломерациялардың ілкі жобаларының стратегиялық, институционалды жол картасын әзірлеу мақсатында дайындалуда.   

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Ақтөбені елдің алғашқы қазіргі заманғы шоғырландырушы орталықтарының бірі болатындығын айтқан. Онда Астанамен қатар Алматы мен Шымкент қалалары елдің алғашқы шоғырландурышу орталықтары болатындығы айтылған. Осыған байланысты Ақтөбенің агломерациясын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары дайындалып, жаңа аймақты ықпал ету аймағы белгіленген болатын. Агломерация нәтижесінде 427 мың тұрғыны бар Ақтөбе қаласы агломерация орталығы болады және оның құрамына Алға, Қандыағаш сияқты шағын қалалар мен Хромтау моноқаласы мен Алға, Мұғалжар, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы аудандарының 541 мың тұрғыны бар бар бірқатар ауылдық аймақтары да енгізіледі. 

Бүкәіләлемдік банк өкілдері елде мекендерді аралап көріп, ондағы ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығымен айналысатын және азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың, жылыжай шаруашылықтары мен кәсіпорындардың жұмысымен танысты,  енді оларға бүкіл облыс бойынша экономикалық зерттеу жүргізу қажет.  

«Біз аймақтың дамыуы туралы, нақтырақ айтқанда кәсіпкерлік саласы туралы мәліметтерден қанықтық. ҰКП сарапшылары елдің экономикасында болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар»,-деді Бүкіләлемдік банк кеңесшісі Мэтс Андерсон.  

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика