Халықаралық интеграция

Қазақстан және Қытай темір жолдарының жетекшілері көліктік-логистикалық жүйе мәселелерін талқылады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин маусымның 23-24 күндері ҚХР-ға жұмыс сапары барысында бірқатар екіжақты кездесулерде темір жол көлігі мен логистика саласындағы серіктестіктерді дамыту жайын қарастырды, деп хабарлады ҚТЖ.
Әлемде26 Маусым , 12:28

Кездесу барысында «Қытай темір жолы» корпорациясының бас директоры Шэн Гуанцзу мен компания президенті Асқар Мамин кездесіп, темір жолдың көліктік-логистикалық  саласындағы серіктестік аясын кеңейту жайын талқылады.

Кездесу барысында тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы темір жол әкімшіліктерінің екі ел Мемлекет басшыларының қолдауымен «Жібек жолы –экономикалық белдеуі» бағдарламасын белсенді жүзеге асырып, мұнда негізгі басымдық Еуразиялық аймақта біздің көліктік-логистикалық желімізді пайдаланып, тасымалдаудың сауда қатынасындағы ролі зор екендігін атап өтті.

Тараптар екі ел арасындағы тасымалдаудың жайына назар аударды. 2015 жылғы бес айда ҚР мен ҚХР арасында тасымалдау көлемі артып, темір жентегі, көмір, ферроқорытпа тасу бәселестікке төзімді болса, контейнерлік жүктерді Азия-Еуропа және кері қарай, Парсы шығанағы елдері, Индия, Ресей, Түркия мен Иранға қарай географиялық ауқымын кеңейту жайы талқыланды.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай көліктік-логистикалық желіні дамытуға белсенді кіріскен. Оның ішінде шекаралық станциялардың қуатын арттыру, құрғақ порт құрып, соның негізінде логистикалық тізбек жасақтау, жүк ағындарының дистрибуциялық орталықтарына жинақтау көзделеді.

Сол күні Цзянцу провинциясының губернаторы Ли Сюеюн мен кездесу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Ляньюньган портының ғажайып мүмкіндіктері саралана келе, онда Қазақстан бағдарына жіберілетін жүктерді жинақтап, оны Орта Азия, Парсы шығанағы, Түркия, Еуропаға бағыттау үшін, Ляньюньган қаласынан ШЫҰ логистикалық аймағын жасақтауға белсенді кірісу туралы пікірлер айтылды.

Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруда «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА дамыту жайы да қарастырылды.

Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай терминалы 2015 жылы 250 мың ДФЭ өңдеуді жоспарлап отыр. ШЫҰ аясында логистикалық орталық құру арқылы құрылым жылына 2 миллион ДФЭ өңдеуге мүмкіндік алады.

2015 жылғы бес айда Ляньюньган портынан Алтынкөл\Достық бағдарына 141 контейнерлік пойыз жөнелтілген.

Асқар Мамин Шаньси провинциясының губернаторы Лоу Циньцзянмен кездесуі барысында тараптардың көліктік –логистикалық саладағы  серіктестік аясы әлеуетінің  молдығы, бірлескен кәсіпорынды, мультимодальдық экспорттық –импорттық, транзиттік тасымалдауды  барлық жағынан қолдау қажеттігі айтылды. 




Яндекс.Метрика