Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: «Ордабасы Құс»ЖШС жобалық қуаттылығы 6528 тонна түйетауық етін өндіруге көшті

ОҚО бұл түйетауық етін өндіру бойынша құс фабрикасы «Ордабасы Құс» ЖШС ҮИИДМБ аясында салынды, ол жылына 6528 тонна түйетауық етін өндіреді.
Южно-Казахстанская область26 Маусым , 12:13

Республика бойынша аталмыш саладағы ең ірі кешенде жұмыртқаны инкубациялаудан бастап қайта өңдеу, колбаса өнімдерін, жартылай фабрикаттар мен басқаларды өндіру толық циклі бар.

Жобаның бірегейлігі ол тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Орталық Азияда түйетауық етін өндіретін жалғыз өндірістік кәсіпорын. Фабрикада жоғары технологиялы құрал-жабдықтар орнатылған.

Кәсіпорыннан хабарлағандай, ол іске қосылғалы бері осы уақытқа дейін 19 774 тонна ет өндірілді. Фабрикада 406 жұмыс орны ашылды.

Айта кетерлік жайт, 2010 жылы жобаның алғашқы кезеңі жылына 4 828 тонна түйетауық еті қуаттылығымен іске қосылды, 2013 жылы жобаның  II кезеңі жүзеге асырылып, жобалық қуаттылық жылына 8 110 тонна түйетауық етіне дейін арттырылды. 2015 жылы жылдық жобалық қуаттылық  6528 тонна түйетауық етін құрады.

 

 




Яндекс.Метрика