Халықаралық интеграция

ҚР мен ҚХР инспекциялық-тексеру кешендерін қайтарымсыз беру жөніндегі келісімге қол қойды

Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Чжан Гаолимен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Астана қаласы26 Маусым , 11:56

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Қытай әріптестігінің, атап айтқанда, сауда-экономикалық саладағы, индустрияландыру, инвестициялар, сауда-логистикалық инфрақұрылым және қаржы секторы салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, К.Мәсімов пен Ч.Гаоли бұдан бұрын қол жеткізілген, соның ішінде жаңа бірлескен өндірістер құру және өндірістік қуаттарды Қытайдан Қазақстан аумағына көшіру жөніндегі уағдаластықтарды жүзеге асырудың барысын қарады. Қытай делегациясының басшысы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен құттықтады және бұл оқиға ел экономикасын дамытуға оң ықпал ететініне сенім білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасында инспекциялық-тексеру кешендерін, компьютерлік томография функциясымен жүкті сканерлеу үшін тексеру жүйелерін және адамдардың денелерін тексеру жүйелерін қайтарымсыз беру жөнінде Келісімге қол қойылды.

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика