Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Алматыда «Duman show tech - 2013» ойын-сауық индустрия технологиясының халықаралық көрмесі өтті

Бүгін Алматыда «Duman show tech - 2013» ойын-сауық индустрия технологиясы мен қондырғыларының халықаралық көрмесі өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы18 Қазан , 17:05

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш көрме халықты топтастыру мен ойын-сауық ұсынуға маманданған компания өкілдерінің кездесуіне  таптырмас алаң.

Көрме жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Италия мен Мальтадан 40-тан астам компания қатысты.

Ұйымдастырушылар бұл көрменің еліміздегі ойын-сауық қызметтерін ұсыну саласының дамуына жаңа серпін беретініне сенеді. Отандық және шет елдік компаниялардың әріптестігіне барлық жағдайды қарастырады. Кәсіби  тапсырмаларды орындау мен алдыңғы қатарлы жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, «Атакент» көрме орталығында 20 қазанға дейін жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика