Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2020 жылға қарсы Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағыны екі есеге өсуі тиіс - ҚТЖ

Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамашылығымен Қазақстандағы темір жол көлігі машинасын жасау саласын дамыту мәселесіне арналған семинар кеңес өткізілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Астана қаласы26 Маусым , 11:39

Талқылауға мемлекеттік органдар, даму институттары, қазақстандық және шетелдік бизнес өкілдері қатысты.

Семинарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев көліктік-логистикалық саланы жасақтаудың мемлекеттік сипат алып отырғаны оны ғаламдық деңгейге көтеру қажеттігін әңгімеледі.

Мемлекет басшысының бастамашылығымен басталған «Жаңа Жібек жолы» ғаламдық жобасын жүзеге асыру жобасы бойынша, 2020 жылдары Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағыны екі есеге дейін артып болашақта 50 миллион тоннаға дейін жеткізілетін болады»,-деп атап өтті Б. Камалиев.

Б. Камалиевтің айтуынша, индустриялық-инновациялық дамуды жүзеге асыру мәселесінде ҚТЖ жылжымалы құрам мен металлургия өнімдерінен: тепловоздар, электровоздар, жүк және жолаушылар вагондары, рельстер, бағыттауыш бұрмалар, тұтас құйма доңғалақтар, ірі вагон құймаларын шығарады.

Оның айтуынша, екінші бесжылдықтағы Индустрияландыру бағдарламасы бойынша жылжымалы құрамдарды кезең -кезеңімен алмастыру, көп салалы кешенді машина құрастыру саласын түрлендірумен жалғасады. Осыған орай машина құрастыру саласында еңбек етіп жатқан отандық және шетелдік компаниялар қолдау табады.

Темір жол машинасын жасау саласындағы қазақстандық үлесті өсіру, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы пікірлерін Инвестициялар және даму министрлігінің индустрияны дамыту мен өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Қанат Байытов,  «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» АҚ қолдау орталығының директоры Гүлнәр Бексаринова, «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» орталығы директорының орынбасары Олжас Біләлов,  «KaznexInvest» экспорт және инвестициялары Ұлттық агенттігі» АҚ басқарушы директоры Расул Қизатов ортаға салды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика