Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Өскемен құс фабрикасы жылына 20 тоннаға дейін құс етін өндіреді

«Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамы - Қазақстандағы ет бағытындағы ірі құс фабрикаларының бірі, аталған кәсіпорын 2012 жылы ҮИИДМБ аясында іске қосылған.
Шығыс Қазақстан26 Маусым , 11:09

Қазіргі таңда, мұнда жылына 20 мың тоннаға дейін ет өндіріледі. Кәсіпорын Германия, Австрия, Польша, Ресей мемлекеттерінің заманға сай құрылғыларымен жабдықталған. Бұл құрылғылар факбрикаға жылына 40 тонна бройлер тұқымды құстардың балапандарының суытылған еттерін қайта өңдеуден өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Кәсіпорыннан шұжықтар мен ет деликатестері шығарылуда, сондай-ақ «халал» стандарты бойынша 150 түрлі өнім өндіріледі.    

Өскемен құс фабрикасы 2009 жылдан бастап, еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы. Ол уақытта мемлекеттің қолдауы өте қажет болатын: кәсіпорын республикада алғаш болып, құстың суытылған етін қайта өңдей бастады. Бірінші кезеңде кең ауқымды жаңғырту жұмыстары жүрді, үш жылдан соң фабрика жылына 20 мың тонна ет өндіретін қуатқа қол жеткізді.   

Қазіргі таңда кәсіпорында  812 жұмыс орны бар.  




Яндекс.Метрика