Парламент

Нидерланды Қазақстан кономикасына 50 млрд. доллардан астам қаржы құйды

ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Нидерланды Корольдығының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хенри Хуберт Дриссермен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы26 Маусым , 10:54

«М.Әшімбаев екі ел арасындағы қатынастырдың қарқынды және тиімді дамып  келе жатқанын атай отырып, Нидерланды Қазақстанның Еуропадағы бірден-бір іскер серіктесі екендігін жеткізді. Корольдық Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы бергі уақытта еліміздің экономикасына 50 млрд. доллардан астам қаржы құйды», - делінген хабарламада.

Аймақтық және ғаламдық процесстерге қатысу барысына тоқталған Мәжілістің комитет төрағасы Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуға ұмтылысына қолдайтынынан  үмітті екендігін білдірді.

Тараптар 100 нақты қадам шеңберінде жасалып жатқан институтционалдық 5 реформаға айырықша назар аударды. Х.Дриссердің мәлімдеуінше, Қазақстан Еуропаға қауіпсіздік, тұрақтылық пен өркендеу  орталығы ретінде маңызды.

Жүргізіліп жатқан реформалар бойынша депутаттардың жұмысы туралы М.Әшімбаев біздің ел Нидерландының заңнамалық  қызмет саласының  тәжірибесіне қызығушылық танытатынын білдірді. Сонымен қатар мәжілісмен екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың одан әрі дамуының маңызына тоқталды.

Тараптар болашақ өзара байланыстар бағытының ішінде сауда-экономикалық, мәдени-ізгілік байланыстарды ерекше атады. Х.Дриссер Қазақстанды ДСҰ-ға енуімен құттықтады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика