Адами капитал

Б. Байбек: Ірі, елдің тағдырын шешетін мәселелерге қалың көпшілік БАҚ-тың демеуінсіз қолдау көрсете алмайды

Ірі, елдің тағдырын шешетін мәселелерге қалың көпшілік БАҚ-тың демеуінсіз қолдау көрсете алмайды, деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Астанада жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Нұр сұңқар» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде.
Астана қаласы26 Маусым , 09:26

«Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың 5 халықтық реформасы -100 қадамды жүзеге асыру сіздерге көп байланысты. Өйткені, ешқандай да реформа, ешқандай да бастама, халықтың тағдырына байланысты ірі шешімдерді бұқаралық ақпарат құралдарының демеуінсі халықтың қолдауы мүмкін емес»,-деді Б.Байбек.

Оның сөзінше, саясатты насихаттау бүтіндей мемлекеттердің қауіпсіздігіне байланысты мәселе болып отыр, сол себепті журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі уақыт өткен сайын артып отыр. «Біз отандық журналистиканың жаңа кәсіби деңгейге көтерілгенін қалаймыз, біздің азаматтарымыз өздеріне жеткен ақпарат арқылы жан-жақты ойластырылған, жауапты шешім қабылдай білулері керек»,-деді партия төрағасының бірінші орынбасары. 

«Мен сіздердің терең білім мен жоғары патриотизмге, жарқын болашаққа деген көзқарасқа негізделген және мемлекетті бүгінгіден де мықты дамытуға деген ұмтылыстарыңыздың арқасында Президентіміздің реформалары сәтті жүзеге асады деген ойдамын»,-деп қорытты Б.Байбек.

Индира Кауметова

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика