Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Павлодарда 16 адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша трамвайды жүргізу куәлігіне ие болды

Трамвайды жүргізу куәлігін Павлодарда 16 адам алды, олар 25-47 жас аралығындағы азаматтар, деп «Трамвай басқармасы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар18 Қазан , 16:55

2 ай бойы теориялық дайындау сабақтары өтті, 246 сағат тәжірибеге берілді. Барлық 16 жүргізуші жұмысқа кірісті.

« Біз «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының рөлін түсіндік, бізге осындай мемлекеттің көмегі қажет болған», - деп қозғалыс қызметінің басшысы Антонина Рыбалко атап өтті.

Жаңа мамандықтарына жүргізушілер де риза.

«Маған өзімнің жаңа жұмысым ұнайды. Әрине, ол үлкен тәжірибені қажет етеді. Уақыт өте келе сенімділік пайда болады», - деді Әсет Самықов.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика