Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақмола облысында дуальді оқыту жүйесі сәтті енгізілуде (Фото)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ақмола облысына барған жұмыс сапары аясында Агротехникалық колледжге ат басын бұрды, оқытушылармен кездесіп, оқыту лабораторияларын аралады, деп хабарлады өңірдің ІСБ.
Ақмола 25 Маусым, 19:13

Колледж 5 мамандық бойынша маман дайындайды: фермерлік шаруашылық, тамақтануды ұйымдастыру, құрылыс және мекемелерді тапсыру, тігін ісі және киім пішу. Барлығы 273 адам оқуда.

«Колледж студенттері өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өтуде. Көктемгі және күзгі маусымда студенттердің тағылымдама уақыты бойынша айлықтары 200 мыңға дейін барады. Студенттерді тағылымдамаға бағыттау үшжақты келісім бойынша жүзеге асады, олар кәсіпорындар арасында жүзеге асады», - делінген хабарламада.

№7 агротехникалық колледжді аралау барысында Б.Сапарбаев дуальді оқыту жүйесінде кадрлар даярлауға арналған оқу зертханалары мен шеберханаларды қарап шығып, облыс басшыларының аймақтың әлеуметтік дамуы туралы есептерін тыңдады. 

 





Яндекс.Метрика