Халықаралық интеграция

Ауғанстан, Непал және Түркия әскери қызметшілері алғаш рет «Дала қыраны - 2015» халықаралық оқу-жаттығуына қатысты

Бүгін Алматы облысында «Іле» оқу-жаттығу орталығының базасында «Дала қыраны – 2015» командалық-штабтық оқу-жаттығуының 2-кезеңі қорытындыланды. Шетелдік өкілдер шетел мемлекеттерінің әскери қызметшілерімен бірлескен операцияларды жүргізу кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігін, қазақстандық бітімгершілердің дайындығының жоғары деңгейін атап өтті.
Астана қаласы25 Маусым , 20:42

«Өткен жылы қазақстандық делегация бітімгершілік даярлық бойынша Непалдағы Бирендр оқу-жаттығу орталығында болып қайтты. Непалда болған кезде ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері Бирендр бітімгершілік оқу-жаттығу орталығының құрылу тарихымен, оның мақсаттары және міндеттерімен, оқыту бағдарламаларымен танысты, Непал ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Прадип Бикрам және бітімгершілік операциялар жөніндегі департамент бастығы бригадалық генерал Пияр Джан Тапамен кездесті. Болашақта біздің мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастық дамиды деп ойлаймын», - деді Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі подполковник Шах Навильдра.

Қазбриг, Қазбат 1 және Қазбат 2 әскери қызметшілері бірінші аптада симуляторларда шешім қабылдау әскери үдерісін оқып-үйренді. Бітімгершілік операцияларға оқып-үйрету үшін командалық-штабтық оқу-жаттығулардың белсенді фазасы JCATS компьютерлік бағдарламасы қолданыла отырып сүйемелденді.  Одан басқа, Қазбриг пен Қазбат 2 штабтары халықаралық қатысушылармен күшейтілді.

Екінші кезеңде жеті мемлекеттің әскери қызметшісі қатысты. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Ауғанстан, Непал, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түркия. Ауғанстан, Непал және Түркия әскери қызметшілері бұл оқу-жаттығуға алғаш рет қатысып отырғанын айта кету қажет.  

Оқу-жаттығу барысында БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларын өткізу барысында Қазбриг және Қазбат штабы жұмысының практикалық дағдылары жетілдірілді, әскери-азаматттық өзара іс-қимыл, тарату, күреске қарсы тараптарды қарусыздандыру және ымыраға келтіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау кезінде бөлімшелерді басқару және бақылауда машықтары арттырылды.  Одан басқа, «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасының қатысушы елдерімен қазақстандық бітімгершілік бригадасының жедел үйлесімділігі шыңдалды.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика