Өңірлер

Ақтөбеде Астана күні байланысты көрмелер, концерттер мен спорттық жарыстар өтеді

Ақтөбеде көптеген мерекелік мәдени-бұқаралық, спорттық және танымдық іс-шаралар өтеді, деп хабарлады аймақтың ІСБ.
Ақтөбе26 Маусым , 20:43

«Мереке күндері кітапханаларда, мұражайларда, «Алақай» қуыршақ театрында, мәдениет үйлерінде, планетарийде, мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлерде, аула клубтарында және басқаларында кітап көрмелері, мерекелік бағдарламалар, суреттер конкурстары, әдебиет кештері, спектакльдер, интеллектуалдық ойындар өтеді», - делінген хабарламада.

Қалада жергілікті тауар өндірушілер өнімдеріне дегустация жасай отырып, промо-акция өткізілетін кеңейтілген мерекелік ауылшаруашылық жәрмеңкесі болады.

Ал, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында қала тұрғындары арасында «Астана – арман қала» ән конкурсы өтеді, ал 5 шілдеде сағат 20.00-де осы саябақта саңырауларға арналған мектеп-интернат пен қала мектептері балаларының арасында «Лучшая жестовая песня об Астане» Флеш-мобы өтеді.

Бұдан басқа, Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Наурыз», «Халықтық» «Інжу», «Сұңқар» вокалдық топтарының және «Әлия гүлі» қазақ би ансамблінің «Халықтық ұжымының» қатысуымен «Шашуымызды қабыл ал, Астана» мерекелік бағдарламасы ұйымдастырылатын болады.

Осы күндері көптеген спорттық жарыстар, оның ішінде, жағажай волейболынан қалалық біріншілік, үстел теннисінен қалалық турнир, балалар, жасөспірімдер, ПИК тұрғындары арасында футболдан «Былғары доп» қалалық турнирі және басқалары болады.




Яндекс.Метрика