Адамзаттық капитал

Астаналық құтқарушылар балаларға өрт қауіпсіздігі шараларын үйретті

Астана қ. ТЖ Департаменті мектеп лагерлерінен келген 60-тан аса балалардың қатысуымен елорданың жасыл белдеуінде «Табиғат аясындағы қауіпсіз жазғы демалыс» шарасын өткізді.
Астана қаласы25 Маусым , 20:03

Шараның мақсаты әр түрлі ойындар, викторина және көрнекті материалдардың көмегімен балаларға өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіру.

«Оның барысында балаларға жасыл белдеу бойынша шағын экскурсия жүргізді, орманда өзін қалай ұстау керектігін, сондай-ақ  далада қалай от жағуды, өрт болған кезде одан қалай қорғанып және шатырды қалай бұзуды, отты қалай сөндіру керектігі түсіндіріліп айтылды. Департамент қызметкерлері тек ауызша түсіндіріп қана қоймай, жекелеген жағдайларда қандай амал қолдану керектігін, қажетті шараларды көрсетті», - делінген ведомсвтоның хабарламасында.

Бұдан соң жұмбақтар мен сұрақтардан тұратын викторина өткізді. Оған балалар белсенді түрде жауап берген еді.  Әрі қарай балаларға өрт қатерінің қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру, қауіпті жағдайлардан шығуды үйрету, өзгелерге көмектесу үлгілерін көрсететін өрт сөндіру және құтқару тақырыбына қатысты ойындар ұйымдастырылды. 

Шара соңында құтқарушылар балаларға өрт сөндіру техникаларын көрсетіп, әр машинаның, құрал-жабдықтардың  негізгі функциялары туралы толығырақ әңгімеледі.




Яндекс.Метрика