Өңірлер

ҚР-да ШОБ несиелендіру 2015 жылы 16%-ға артты

Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде ҚР-да шағын және орта бизнесті несиелендіру 2015 жылы 16%-ға артты, деп мәлімдеді «Атамекен»ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен «Атамекен»ҰКП Президиумы отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.
Астана қаласы25 Маусым , 18:07

«Біз банк саласын сараптамадан өткіздік. ҚР Үкіметінің қолдау шараларының арқасында 2015 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша шағын және орта бизнесті несиелеу 16%-ға өсті. Бұл өте үлкен қолдау болатын және мемлекеттің қыруар қаржысы діттеген мақсатына жеткені көрініп отыр», - деді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, осы ретте ірі бизнестің қарызы 11,6%-ға немесе 1 трлн теңгеге азайды. «Біз ірі бизнесті несиелендіру кеміп жатқаны көрініп отырмыз», - деп толықтырды ол.

Анар Тәңірқұлова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика