Шара барысында сыртқы істер ведомствосының басшысы Е.Ыдырысов журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жауапты әрі ізгі қызметтері, кәсібилік пен қоғамдағы демократия мен еркіндіктің деңгейін көрсететін тәуелсіз болғандары үшін, үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды ведомство.
«Қазақстандық журналистиканың өзіндік келбеті, өзіндік орны бар. Сіздердің сөздеріңіздің құны өте жоғары. Әрбір адамның сана-сезімі мен жүректеріне жететін сөздің парқын білу – үлкен өнер және асқан жауапкершілік. Дипломатия мен журналистика бір-бірімен тығыз байланысты қызметтер. Біздің дипломатиялық қызметімізді сіздермен тығыз байланыссыз елестету мүмкін емес»,-деді Сыртқы істер министрі.
Ол сөзінде жауапты әрі ізгі қызметтері, кәсібилік пен тәуелсіздік үшін алғысын білдіріп, сөз шеберлеріне қызықты да өзекті жаңалықтарды өндіре жазуды, дендеріне саулық, сарқылмас шығармашылық қуат тіледі.