Баланы қорғау

СҚО-да елордалық кардиохирургтер 9 балаға ота жасады

Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мамандары Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапарында 9 балаға ота жасады. 200-ден астам науқас кеңес алып, олардың көбі Астанаға емделуге аттанды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Солтүстік Қазақстан18 Қазан , 16:33

Мамандар биылғы жылдың сәуір айында 5 жүрек отасын жасаған болатын.

«Операциялар денсаулық сақтау мекемелері  әкімшіліктерінің өзара келісімдері шеңберінде солтүстік қазақстандық  дәрігерлермен бірлесе жасалуда. Барлық операция ақысыз негізде жасалды», -делінген хабарламада.

Айта кету керек, 2013 жылдың өзінде жүрегінде ақауы бар нәрестелердің емі үшін республикалық бюджеттен 16 млн теңге бөлінген.

 

 

 




Яндекс.Метрика