Ұлтаралық бірлік

Г.Әбдіқалықова ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі қызметінің қорытындысы туралы айтып берді

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мәжілісінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова аталған кеңес жұмысының қорытындысы туралы айтып берді.
Астана қаласы25 Маусым , 16:51

«ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесі өзі қызмет еткен жылдарда қоғамдық сала мен басқару шешімдерін қабылдауда біршама жетістіктерге қол жеткізді. Біріншіден, этносаясат саласында жүйеленген терминологиялық база жаңартылды, қоғам мен саяси ортада ұлттың саяси және азаматтық категория ретіндегі түсінігі орнықты. Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының рөлі мен табиғаты ғылыми тұрғыда бағасын алды. Этникааралық қарым-қатынастарды қоса алғанда, қазір кеңестің қызметінің жыл сайын мониторингі жүргізіліп тұрады»,-деді Мемлекеттік хатшы.

Үшіншіден, оның сөзінше, ҚХА-ның басқарушылық тәжірибенің өзекті бағыттары бойынша мемлекеттік органдармен, нақтырақ айтқанда, Мәдениет және спорт, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Сыртқы істер министрлігі сияқты органдармен жүйелі байланысы қалыптасты. Бұған қоса, мәжілісте ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің 4-ші институционалды реформаны жүзеге асыру барысында атқарылуы тиіс міндеттері талқыланды. Аталғандармен қоса, отырыста қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы зерттеулер, ҚХА жылының ғылыми-сараптамалық сүйемелденуі сияқты өзге де ұйымдастырумен байланысты мәселелер талқыланды. Кездесуде әлеуметтік ғылымдардың жекелеген рөліне байланысты жәйттер сөз болды.     

«Ұлттың бірыңғай болашағы бағдарламасын жүзегге асырудың бағыттарының бірі Қазақстанда әлеуметтік ғылымдарды дамыту жоспары болады. Осы ретте ғылыми орта мен ҚХА үшін 100 нақты қадамды жүзеге асыру аясында бірқатар міндеттерді нақтылап алу керек. Осы ретте түрлі әлеуметтік топтардың назарына «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясын жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып табылады»,-деді Мемлекеттік хатшы.       

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика