Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Депутат Т.Өмірзақов ДСҰ нарығында бәсекелестік таныта алатын бірқатар тауарларды анықтады

Бәсекелестік таныта алатын қазақстандық тауар – мұнай, астық, бал, күн майы, жылқы еті, деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы25 Маусым , 18:41

 «Ауыл шаруашылығының әлемдік өндірушілері мемлекеттің белгілі қолдауына ие. Қазақстан АӨК-сі әлемдік нарықта бәсекелестік таныта алу үшін, мемлекет ауыл шаруашылығын белсендірек қолдауы керек. Қазақстан – аграрлық-шикізаттық мемлекет.Біз ең жоғары сапалы органикалық өнім шығара аламыз», - деді Т. Өмірзақов.

Депутат атап өткендей, қазақстандық өнім ДСҰ-ға кірмей де әлемдік нарықта болды, бірақ кейбір кедергілер болды.

«Қазақстандық тауардан бәсекеге қабілетті – мұнай мен бидай. Қазақстандық бидай жоғарғы құнарлыққа ие. Одан әрі қазақстандық бал, оны Жапония сатып алады», - деді ол.

Сондай-ақ, депутат ЕАЭО мен ДСҰ заңдылық тәртіптері ұқсас екенін айтып өтті. ЕАЭО 5 елінің 3 елі ДСҰ құрамында – Армения, Ресей, Қырғызстан.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика