Өңірлер

«Даму» қоры 13,7 мың қарыз алушының жалпы сомасы 875 млрд теңге болатын несиелеріне қолдау көрсетті

Қазақстанда «Даму» қоры қаржылай қолдау көрсету бағдарламасы бойынша 13,7 мың қарыз алушының жалпы сомасы 875 млрд теңге болатын несиелеріне қолдау көрсетті .
Астана қаласы25 Маусым , 18:24

Айта кетерлік жайт, Қор осымен 18 жыл қатарынан шағын және орта бизнеске қолдау көрсетумен айналысып келеді. Қор қаржы институттарында қары орналастыру арқылы шамамен 20 бағдарламаны жүзеге асырып келеді, олардың аясында несиелеу, лизинг пен микронесиелеу құралдары пайдаланылуда.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасымен Қайта өңдеу саласындағы ШОБ қолдау көрсету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 2014 жылдың сәуір айында 100 млрд теңге (1-ші транш) бөлінді. «Нұрлы жол  болашаққа бастар жол» жалпыұлттық жоспары аясында 2014 жылы желтоқсан айында 50 млрд теңге (2-ші транш), ағымдағы жылдың наурыз айында  50 млрд теңге (3-ші транш) берілді.

Қордан хабарланғандай, аталған қомақты қаржыға кәсіпкерлердің жобалары қаржыландырылады. Олар жылына 6% сыйақымен несие алуларына болады. Екіншіден несие көлемі 1 млрд 850 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Үшіншіден несие мерзімі 10 жылға дейін болады.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 157 млрд теңгеден астам қаржыға  825 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 1-ші транш есебінен 105,7 млрд теңгеге 497 жоба, 2-ші траншқа  жалпы сомасы 40,8 млрд теңгеге 229 жоба, 3-ші транш есебінен 10,6 млрд теңгеге 99 жоба қаржыландырылды.

Қаржыландыру бағдарламасымен еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалалары жаппай қамтылды.




Яндекс.Метрика