Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Мемлекеттік хатшы: Н.Назарбаевтың 5 институционалды реформасы Қазақстанды дамытудағы жаңа кезең

ҚР Мемлекеттік хатшы: Н.Назарбаевтың 5 институционалды реформасы Қазақстанды дамытудағы жаңа кезең болып отыр, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мәжілісінде.
Астана қаласы25 Маусым , 16:29

«5 институционалды реформа Қазақстанды дамытудың жаңа кезеңі іспеттес, тұрақты және бірқалыпты дамудың шешуші факторы ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім болады. Бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан»,-деді Мемлекеттік хатшы.

Сондай-ақ ол сөзінде Президентіміздің осы идеяның біздің қоғамның азаматтық, рухани, мәдени бірлігін қалыптастыратын 7 негізгі бағытын анықтап бергендігін атап өтті.   

«Осы тұрғыдан алғанда ҚХА ғылыми-сараптамасы көптеген қоғамдық маңызы бар міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, бұқараның сана-сезімінде төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің базалық құндылықтарының мықтап орнығуына мүмкіндік береді. Екіншіден, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының тұрақты қарым-қатынастарының негізінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму үдерісінің бірдей жүруін қамтамасыз етеді. Үшіншіден сенім мәдениеті,  сыйластық пен төзімділікті қалыптастыра отырып, мемлекет пен азаматтық институттардың  қоғамдық бастамаларына кең ауқымда ақпаратттық қолдау жасайды. Төртіншіден, ғылыми алаңдар арқылы әлемдік қоғамдастыққа Қазақстанның тиімді халық бірлігінің тәжірибесін таратуға жағдай жасайды, өз кезегінде бұл тәсіл елімізге сыртқы көпвекторлы саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді»,-деді Г.Әбдіқалықова.      

Мәжіліс барысында сонымен қатар, ҚХА ҒСК-нің институционалды реформаның 4-ші бағытын жүзеге асыру барысы бойынша атқарылуы тиіс міндеттер талқыланды.

Индира Кауметова

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика