Ұлтаралық бірлік

Г. Әбдіхалықова: Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясаты дамудың стратегиялық бағытына айналды (Фото)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясаты дамудың стратегиялық бағытына айналды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Астана қаласы 25 Маусым, 16:11

«Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия белсені жұмыс істеуде, мемлекеттік органдар мен институттарда Елбасының «Ұлт жоспары  100 қадем», «Біртұтастық пен бірлік» сынды бағдарламаларын мазмұнды ету мақсатында қыруар шаруалар атқарылуда»,- деді сөз басында мемлекеттік хатшы.

Оның айтуынша, Президент Н.Назарбаевтың «Мәңгiлiк ел» жалпыұлттық идеясын рухани құндылық ретiнде халық санасына сiңiруде ғылыми негiздi тереңдетудiң маңызы зор. «Мемлекет басшысының бейбiтшiлiк пен келiсiм саясаты дамудың стратегиялық бағытына айналды. Елбасының 5 институционалдық реформасы Қазақстанның дамуына жол бастайды. Ұлттық бiрлiк пен қоғамдық келiсiм тұрақты дамудың негiзгi факторы болып табылады. «Мәңгiлiк ел» жалпыұлттық идеясында Мемлекет басшысы бiздiң қоғамның азаматтық, дiни, және мәдени бiрлiгiн құрайтын жетi негiздi атап өттi», - деп атап өтті Г.Әбдiқалықова.

Сонымен қатар, отырыста «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» - 100 нақты қадам Ұлт жоспарының төртінші институционалдық реформасы - «Біртектілік пен бірлікті» іске асырудағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері қаралды, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы ғылыми зерттеулер, ҚХА жылын ғылыми-сарапшылық тұрғыдан қолдау барысы және өзге де ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика