Инфрақұрылымның дамуы

Ақтөбе облысында оқу жылына қарсы 270 орындық мектеп ашылады

Ақтөбе қаласы Қурайлы ауылдық округіндегі Өрлеу кентінде (бұрынғы Россовхоз) жаңа мектеп құрылысы аяқталып келеді, оның құрылысына облыстық бюджеттен 357 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе26 Маусым , 09:42

Қала әкімінің кеңесшісі Геннадий Дудаковтың айтуынша құрылыс өткен жылғы тамызда басталған және «Казпромстройгрупп» ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Б.Ержановтың сендіруі бойынша балалар жаңа оқу жылын бір ауысымы 270 оқушыға есептелген жаңа мектепте қарсы алатын болады.

Бір ауысымы 270 оқушыға есептелген жаңа мектептің үш қабатты ғимаратынатехникалық оқу құралдарымен жабдықталған оқу кабинеттері, мәжіліс және спорт залы, 90 орындық асхана кіреді.

Жақын учаскелерде үш аймақ – спорттық, оқу-тәжірибе және демалыс аймағы көзделген.

Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Тұрмағамбетова айтқандай, мектеп көп жылдар бойына бұрынғы балабақшаның ыңғайластырылған ғимаратында орналасқан. Кенттің дамуына, жаңа тұрғын массивтер құрылысының пайда болуына, тұрғындардың 2100 адамнан астам көбеюіне байланысты тұрғындар жаңа мектеп құрылысы туралы бірнеше мәрте мәселе көтерді. Міне, енді Өрлеуде жақында жаңа мектеп ашылады, ал ескі ғимаратқа жөндеуден соң балабақша орналастырылады.

Ақтөбеде бүгінде 5 мектеп («Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында, Жаңақоныс кентінде, Кірпішті кентінде, Өрлеу кентінде және Заречный-3 кентінде) және 4 балабақша (Қарғалы селосында, «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында, Заречный-1 кентінде, 11 ықшам аудандағы бұрынғы физика-математика мектебі балабақшаға қайта жарақтандырылуда) салынуда.

«Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданындағы, Кірпішті кентіндегі, Заречный-3 кентіндегі мектептер және Қарғалы селосындағы балабақша құрылысчына қаржы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық қорынан бөлінгенін еске сала кетейік.




Яндекс.Метрика