«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Ақтөбе облысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы мектептің құрылысы басталды

Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, кірпішті кентінде 320 орынға арналған жаңа мектеп ғимаратын тұрғызу басталады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 526,9 млн.теңге құрайды. 150 млн.теңге бірінші транш «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсті.
Ақтөбе26 Маусым , 09:11

Жеке құрылыстың жаңа тұрғын массиві есебінен дамып келе жатқан Кірпішті кенті тағы да бір мектепке өте мұқтаж. Сондықтан ескі мектептің жанынан жаңасын салуды бастау туралы шешім қабылданды.

«Ағымдағы жылғы маусымда «Элитстройсервис Актобе» ЖШС мердігерлік ұйымы алаңы 2,15 га учаскеде дайындық жұмыстарына, соның ішінде, қоршауды орнатуға, құрылыс материалдарын тасып әкелуге, техниканы дайындауға кірісті. Мердігерлік ұйымның басшысы Юсуф Умиров хабарлағандай, мектеп артындағы 15 метрге газ құбырын шығару және оны жер астынан өткізу, электр беру желілерін тарту және басқа да жұмыстарды орындау керек», - делінген хабарламада.

Ауданы 4782,2 шар.м. болатын мектептің 3-қабатты ғимаратына оқу бөлмелері, шеберхана, 108 орындық асхана, мәжіліс залы, спорт залы және т.с.с. кіреді.

Спорт аймағына жүгіретін жолы бар спорттық ядро, футбол алаңы, спорт алаңы кіреді және екі мектеп оқушыларына есептелген.

Мектеп құрылысын аяқтау 2016 жылғы тамызға жоспарланып отыр.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика