Экология

Аралдың құрғап қалған 56,5 мың гектар аймағы орманды алқапқа айналды

Арал теңізінің құрғап кеткен 56 мың 500 гектар аймағына орман ағаштары отырғызылды. Сонымен қатар, 47 мың 117 гектарға сексеуіл отырғызылып, 9 мың 383 гектар жерге дән себілді, деді «Ормандарды сақтау мен республиканың орманды алқаптарын кеңейту» жобасының үйлестірушісі Александр Боровков аталған жобаның жүзеге асырылу қорытындысына байланысты өткен халықаралық конференцияның барысында.
Астана қаласы25 Маусым , 15:17

Оның сөзінше, орман барлығы 41 мың гектар жерге отырғызылып, орман өсімдіктері тұқымының базасы жасалды. 1 мың  4 гектарға элиталы тұқымдар үшін жер таңдап алынып, арнайы плантация құрылды, тиімді өсімдік отырғызу технологиялары пайдаланылып, қуаты 23,4 млн дана қайың өсіруге бағытталған орман қорығы іске қосылды.   

Бұған қоса, осы жылдар ішінде орман өрттерімен, орманда заңсыз кесу әрекеттерімен, орман ауруларарымен күрес жұмыстары жетілді. Бұл ретте аталған қауіптермен күресте жаңа ақпараттық технологиялар мен адамдарды оқытып-үйрету шаралары енгізілгендігін айта кету керек. Сонымен қатар 11 өртті-бақылау мұнарасы мен 8 өртті-химиялық станса салынып, 2 мың 200 өртпен күреске арналған құрал-саймандар сатып алынған.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика