Адами капитал

Каспийде Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түрікменстанның аумақтық сулары жағасына корабльдердің жорыққа шығуы басталды (Фото)

Ағымдағы жылғы маусымның 25-і мен шілденің 2-і аралығында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің «Қазақстан», «Орал» және «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық корабльдерінің теңізге шығуы жоспарланған, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 25 Маусым, 15:52

«Жүзу театрын зерделеу үшін корабльдер тобы Каспий теңізі бойынша жорыққа шығады. Одан басқа, экипаждар жүзбелі нысана арқылы корабль бортынан атыс қаруынан оқ атуларды жүргізеді. Қазақстандық әскери корабльдер Ресей Федерациясы, Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы және Түрікменстан Республикасының аумақтық сулары жағасының Каспий теңізінің су айдыны арқылы өтеді», - делінген хабарламада.  

Оқу атыстары Қазақстан Республикасының аумақтық суларында №217 және 244 аудандарда өткізілетін болады. Өткелдегі жетекші 29011 әскери бөлімінің командирі 2-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков. Каспий өңірі Қазақстан мен әлем мемлекеттерінің экономикасы үшін мәні зор екенін айта кеткен жөн.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында мемлекеттік шекараға қол сұғылмау, аумақтық тұтастықты, егемендікті, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің басты міндеті. Әскери-теңіз күштері жоспарлы дамып келе жатқанын, корабльдерді құрастыру және сатып алу жөніндегі қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын айта кету қажет.

Соңғы үш жылда «Зенит» Орал зауыты» АҚ-тың отандық кәсіпорнында құрылған 3 зымыран-артиллериялық корабль іске қосылды.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика