Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

СҚО-да 2013 жылдың 9 айы бойынша 6,5 мың адам жұмыспен қамтылды

Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 9 айы бойынша 6466 адам жұмыспен қамтылды, деп Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстік Қазақстан18 Қазан , 16:18

«2013 жылдың ақпан-қыркүйек айлары бойынша 6466 адам жұмыспен қамту орталықтары бойынша жұмысқа тұрды», - деп хабарламада нақтыланған.

Оған қоса, оның 1009-ы  21 жасқа дейінгі азаматтар, 261- жалғызбасты мен көпбалалы отбасы, 131- егде жастағы адам болса, 22 оралман, 60 түлек пен 4253 адам өзге категория бойынша орналасты», - деп хабарламада нақтыланған.

Жұмыспен қамту органдарының көмегі арқылы  9209 адам жұмыс тапты, оның 2781 – қалалық, 6428- ауылдық жерлердікі.

 




Яндекс.Метрика