Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда қайта өңдеу өндіріс саласынан алда келеді -депутат

Қазақстанда қайта өңдеу саласы өндірісі саласынан алдыда келеді, 2014 жылы өнеркәсіптің өндіріс саласы 20 пайызға өссе, қайта өңдеу саласындағы өсім 24 пайыз болды, деді Мәжіліс депутаты Екатерина Никитинская Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы25 Маусым , 13:54

«Қайта өңдеу өнеркәсібі – бұл кез-келген ұлттың интелектуалдық жағынан даму көрсеткіші. Экономикада қайта өңдеу өнеркәсібі көптеген салаларда әсіресе машинақұрылысы саласында кең ауқымда көрініс табуы керек. Алғашқы бесжылдық жақсы нәтижелерге жеткізді, өйткені өнеркәсіптің осы түрінен елімізге 4 трлн теңге пайда түсуде. Инновациялық бағдарламаға мемлекет тарапынан 3 трлн теңге салынып, өз кезегінде ол өзінің жақсы нәтижесін көрсетті»,-деді Е.Никитинская.    

Оның сөзінше, 2014 жылы өнеркәсіптің өндіріс саласы 20 пайызға өссе, қайта өңдеу саласындағы өсім 24 пайыз болды.

«Қайта өңдеу саласында қосымша салалар пайда болды. Бұрын бізде тау-кен, азық-түлік өнеркәсіптері бар болатын. Қазір тағы әуе көлігі, коммуникациялық және медициналық құрылғылар пайда болды. 50 түрлі жаңа экспорт түрлері пайда болды. Бұл біздің қарқынды дамуымыздың көрінісі»,-деді депутат.  

Бұған қоса, ол Қазақстанның дамыған елу елдің қатарынан көрінуі өндірістің жоғары технологиялылығынан екендігін атап өтті.    

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика