Ұлттың денсаулығы

Қазақстан гепатологтарының халықаралық конгресіне 200-ден астам маман қатысуда (ФОТО)

Қазақстан гепатологтарының халықаралық конгресіне қатысуға Өскеменге 200-ден астам, алыс-жақын шет мемлекеттердің белгілі мамандары мен ғылыми орталықтарының жетекшілері келді, олар бауыр циррозы мен оның асқыну мәселелерін талқылайтын болады, деп хабарлады ШҚО-ның Ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан 25 Маусым, 18:57

«Біз үшін Шығыс Қазақстан жерінде өз саласының майталман мамандары, танымал дәрігерлерді қабылдау үлкен мәртебе. Біз адам өмірінің сапасы  ол әлеуметтік қамтамасыз етумен білім ғана емес, сонымен қатар сапалы жоғары деңгейдегі медицина екенін ұмытпауымыз керек. Шығыс Қазақстанда медицина саласындағы инновациялық технологиялар мен өндіріс жасқы игеріліп келеді. Конгресс адам өмірінің сапасын арттыруға және мамандарымыздың біліктілігі мен медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеруге септігін тигізеді», - деді Даниал Ахметов конгресстің ашылуы барысында.

Аталып өткендей, секциялық отырыстар барысында спикерлер бауырды ауыстыру, бауыр циррозы түрлері мен оның асқыну мәселелерін талқылайды.

«Конгресс аясында облыстық ауруханада республикалық диагностикалық орталықтың жоғарғы дәрежедегі дәрігері, сонымен қатар Ұлыбританиядан келген мамандар шеберлік-сыныптарын өткізеді», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, ШҚО-да Өскемен мен Семейдегі диагностикалық орталықтар жанында  2 гепаорталық жұмыс істейді. Бұдан басқа 2 гастроэнтерология бөлімі болса, 11 қалалық емханаларда гастроэнтеролог-дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Оның үстіне, «С» гепатиті вирусына шалдыққан 150-ден астам науқас кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында вирусқа қарсы ем қабылдады.





Яндекс.Метрика