Өңірлер

Н.Сейсенбаев: «Сыбаға» бағдарламасы экспорттық әлеуетті арттырады

«Сыбаға» бағдарламасы экспорттық әлеуетке қатысты бағдарламада көрсетілген, біз бүгін оның нәтижелерін көріп отырмыз, деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Сейсенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде.
Астана қаласы25 Маусым , 13:05

«Сыбаға» бағдарламасы экспорттық әлеуетке қатысты бағдарламада көрсетілген. Аулада ұсталатын малдардың аналықтарын көбейтудің нәтижесінде шығарылатын өнімнің сапасы артып  бағасы төмендеп отыр. «Сыбаға» бағдарламасы бүгінде сұранысқа ие, холдинг аталмыш бағдарламаны 2011 жылдан бері қаржыландырып келеді, біз қазір оның нәтижесін көріп отырмыз»,-деді төрағаның орынбасары.  

Оның сөзінше, 2010 жылы ұйымдастырылған қожалықтарда мүйізді ірі қара 20 пайыз болатын, қазір ол 30 пайызға жеткізілді.

«Бұл шығарылатын өнімнің құны арзандады деген сөз, сиыр етінің экспорттық әлеуеті артып, өз кезегінде ол мал дәрігері, ветеринар сияқты мамандықтар бойынша жұмыс орындарының көптеп ашылуына түрткі болуда. Біз «Сыбаға» бағдарламасынан пайда көріп отырмыз»,-деді Н.Сейсенбаев.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика