Өңірлер

Еліміздің агросаласын 5 айда ЕДБ 3,6 млрд теңгеге қаржыландырды - ҚазАгро

Ағымдағы жылы аграрлық несиелік корпорациямен екінші деңгейдегі банктер арқылы жаңа ауыл бизнесін қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды, 5 айдың ішінде «Құлан», «Алтын Асық» мал шаруашылығы бағдарламаларымен 3,6 млрд теңге несиеге берілді, деп мәлімдеді «ҚазАгро»Ұлттық басқару холдингі» АҚ атқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева.
Астана қаласы25 Маусым , 12:36

«Ағымдағы жылы аграрлық несиелік корпорациямен екінші деңгейдегі банктер арқылы жаңа ауыл бизнесін қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. Бүгінде 5 айдың ішінде «Құлан», «Алтын Асық» мал шаруашылығы бағдарламаларымен  3,6 млрд теңге несиеге берілді»,- деді А.Мұхамадиева.

Холдинг мәліметтері бойынша ауылдағы кәсіпкерлікке қолдау көрсету бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылады. Сонымен, холдингтің еншілес компаниясы  «Аграрлық несиелік корпорациясы» құрамына 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары енген 171 несиелік серіктестікті қаржыландырды.

Бұдан басқа, «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша ол іске қосылған сәттен бастап (2014) 114 жобаға 1,2 млрд теңге бөлді.  Ал,  «Құлан» бағдарламасы бойынша 2014 жылдан бастап 281 жоба 4,3 млрд теңгеге қаржыландырылды.

ҚазАгро мәліметіне сәйкес холдинг пен оның еншілес қомпанияларынан қарыз алушылардың 90%-ға жуығы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика