Экология

Қазақстанда орманды сақтап қалу жобасының жалпы құны 9,8 млрд теңге болды

Қазақстан Республикасында орманда сақтап қалу жобасының жалпы құны 9,8 млрд теңге болды, деп хабарлады «Ормандарды сақтау мен республиканың орманды алқаптарын кеңейту» жобасының үйлестірушісі Александр Боровков аталған жобаның жүзеге асырылу қорытындысына байланысты өткен халықаралық конференцияның барысында.
Астана қаласы25 Маусым , 12:23

«Жобаның жалпы құны мен қаржы көздері 9,8 млрд теңгені немесе 63,8 млн АҚШ долларын құрады. Қаржыландыру бойынша республикалық бюджеттен 4,5 млрд теңге (28,8 млн доллар) бөлінді, Халықаралық қайта құру және даму банкінің заемі 4,6 млрд теңге (30 млн долар) болды, Жаһандық экология қорының кепілі 737 млн теңге (5 млн доллар) болды,-деді Боровков.   

Үйлестірушінің айтуынша, жоба аясында басты үш құрам жүзеге асырылған. Олар: Ертіс жағалауындағы бағытты жолақты ормандарды қалпына келтіру, Қызылорда облысында фито орман мелиорациясы мен жобаны институционалдық дамыту мен басқару.  

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика