Инвестициялар

ҚазАгро 2015 жылдың басынан бастап ШОБ несиелендіруге 90 млрд теңгеден астам қаржы бағыттады

2015 жылдың басынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингі еліміздің агросектор саласындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруге 91,6 млрд теңге бағыттады, деп мәлімдеді «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ атқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы25 Маусым , 12:07

«Жыл басынан бері «ҚазАгро» ұлттық холдингі еліміздің агросектор саласындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруге 91,6 млрд теңге бағыттады. Бұл өткен  жылдың сәйкесінше кезеңінен 1,5 есе жоғары - 63,9 млрд теңге. Холдинг кәсіпорындары несиелік өнімнің үлкен желісіне иелік етеді. Мал шаруашылығы саласында «Алтын Асық» сынды бағдарламалар қаржыландырылады  - қой шаруашылығын дамыту үшін, «Сыбаға» ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру аясында, «Құлан» - жылқы шаруашылығын дамыту үшін», - деп еске салды  А. Мұхамадиева.

Бұдан басқа, өсімдік шаруашылығын қаржыландыру «Жылыжай» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады  жылыжайлар салынады,  «Егінжай» бағдарламасы  егін егу және жинау жұмыстарына арналған.

«Ағымдағы жылы компания 27 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы және арнайы 2117 дана техника сатып алу туралы келісімге отырды. Аграрлық несиелік корпорациямен шағын және орта бизнестің 2 мыңға жуық тауар өндірушісі шамамен 25 млрд теңгеге  қаржыландырылды. Ал, Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қорымен 3 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 9 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырылды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика