Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Алматыда хор өнері бойынша республикалық конкурс өтеді

21-23 қазан аралығында Алматы қаласының Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Б. Байқадамов атындағы хор өнері бойынша республикалық конкурс өтеді, деп Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы18 Қазан , 16:14

«Шараның мақсаты Қазақстанда хор өнерін дамыту, шығармашыл композитор ҚазКСРО-ның өнер қайраткері Бақытжан Байқадамовтың туындысын дәріптеп, таныстыру  болып табылады», - деп хабарламада нақтыланған.

Конкурсқа қатысу үшін барлық хор өнерінің майталмандары өтініш тапсырды.

Айта кетерлігі, конкурстық бағдарлама 3  деңгейден тұрады: қазақ халық әнінің хорда орындалуы, орыс немесе шет елдің әнін хорда орындау және Б.Байқадамовтың шығармашылығын алға тарту.




Дерекнама

Яндекс.Метрика