Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

Корей мәдени орталығының төрағасы: Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін бірігу өте маңызды

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын арнады. Біздер, қазақстандықтар үшін, ұлтымызға қарамастан, бұл құжат елдің келешектегі дамуының негізгі бағдары және бұған дейін белгіленген міндеттерді сәтті жүзеге асырудың айқын көрінісі боп табылады. Бұл жөнінде Алматы облысының корей мәдени орталығының төрағасы Владимир Ли мәлімдеді.
Астана қаласы15 Желтоксан , 00:00

«Президент өз Жолдауында мемлекет пен әрбір қазақстандықтың алдында тұрған дамудың 2050 жылға дейінгі жаңа міндет-мақсаттарын мен жолдарын атап көрсетті. Жолдаудың әрбір тармағы, мейлі ол экономика, денсаулық сақтау, әлеуметтік бағдарламалар, білім беру саласы болсын, біздің мемлекетіміз дамудың оң әрі тұрақты жолымен келе жатқанын айқындайды. Біздің барлық бағдарламаларымыз, жұмысымыз бен саясатымыз әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған деп айта алатын деңгейге жеттік», – деді Владимир Ли. 
Оның айтуынша, елдегі экономика, мәдениет және білім саласындағы жаһандық өзгерістер кезеңінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін нығайту бойынша Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін азаматтардың бірігуі өте маңызды. 
«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, өткенді есте сақтай отырып, келешекке ұмтылу қажет, өзге ұлттармен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрін сыйлау керек. Ол Қазақстан дамуының алдағы он жылдағы нақты бағыттарын айқындап берді. Бүгінде Мемлекет басшысы алға қойған мақсат-міндеттерге қол жеткізуде біздің республикамызда мекен етіп жатқан барлық ұлт өкілдерінің бір елдің азаматтары ретінде өздерінің білімдері, қабілеттері мен күш біріктіруі өте маңызды», – деп қорытты ол.




Яндекс.Метрика