Адами капитал

ҚР Қарулы Күштерінде алғаш рет «Жас ұлан» әскери-спорттық ойыны басталды (Фото)

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 85395 әскери бөлімінің базасында «Жас ұлан» республикалық әскери-спорттық ойыны басталды. Шара биылғы жылы алғаш рет өткізіліп отыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 25 Маусым, 15:04

« Ойынға Қазақстанның 16 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 160-тан астам оқушы қатысады. Үздіктердің ішінен топ жарғандарды анықтау үшін қатысушылар саптық және атыс даярлығы (пневматикалық винтовкадан оқ ату), АК-74-ті бөлшектеу және құрастыру, әскери-спорттық сайыстар, әскерилендірілген кросс, тартылу мен қолдың бұлшық еттерін қатайту, жүзу және тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау бойынша сайысқа түседі», - делінген хабарламада.

Одан басқа, ойынға қатысушылар үшін 85395 әскери бөлімінің аумағын аралату бойынша экскурсия өткізеді, онда олар қару-жарақ пен әскери техниканы көреді, таулы-егерьлік полк және №1 мамандандырылған өрт бөліміне барып, «Айша-бибі» полигонында взводтардың көрсетілімді жауынгерлік атыстарын тамашалайды. Ойынға қатысушы командалар жарыстарда өздерінің жоғары кәсіби дайындықтарын көрсетіп жүргендерін мақтан тұтады. «Еліміздің әскери қызметінің лайықты ізбасарлары өсіп келеді.

Қатысушылар жан-жақты дамыған және дайындалған. Мұндай жарыстар жеткіншектерге өзінің әрі қарай тағдырын анықтауға және оны әскери қызметпен байланыстыруға көмектеседі. Ал өзге кәсіпті таңдайтындар достық және командалық жұмыс сабағын алады», - деп 85395 ә/б әскери қызметшілері атап өтті.  «Жас ұлан» республикалық әскери-спорттық ойыны 26 маусымда аяқталатынын атап өткен жөн.

 





Яндекс.Метрика