Халықаралық интеграция

Қазақстан тұңғыш рет ЭЫДҰ Даму орталығының толық құқылы мүше мемлекеті ретінде Басқарушы кеңестің отырысына қатысты

Францияда (Париж) ЭЫДҰ Даму орталығының мүше мемлекеттерінің Басқарушы кеңесінің отырысы өтуде. Қазақстан Республикасы алғашқы рет ЭЫДҰ Даму орталығының толық құқылы мүше мемлекеті ретінде отырысқа қатысты, деп хабарлады ҚР ҰЭМ.
Әлемде25 Маусым , 10:42

Делегацияны ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов басқарды.Отырыстың күн тәртібінде – ЭЫДҰ мүше елдердің және серіктес елдердің даму стратегиясын талқылау.

«Қазақстанның ЭЫДҰ Даму орталығына қосылу мақсаты экономикалық және әлеуметтік даму саласындағы тәжірибелермен алмасу, оның ішінде халықтың өмір сүру шарттарын жақсарту мәселелері болып табылады», - деп отырыс барысында атап өтті Т.Жақсылықов.

Қазақстан Республикасы мен ЭЫДҰ Даму орталығының ынтымақтастығының шеңберінде нақты ұсынымдар мен дәйекті реформалар арқылы саясатты және стратегияны әзірлеуге бағытталған Кешенді елдік шолу жобасы іске қосылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Даму орталығының табиғи ресурстар негізінде даму мәселелері бойынша Саяси сұхбаттың жұмысына «Мұнай кірістерін бөлу және тұрақтандыру қорлары» бөлімшесінің тең төраға ел ретінде мұнай және газ, минералдар мен металлдарды 15-20 өндіруші мемлекет арасында көпжылдық біліммен және табиғи ресурстарды өндіру негізінде даму тәжірибесімен алмасу мақсатында қатысады.

Даму орталығының Басқарушы кеңесіне 43 ел кіреді, олардың ішінде 25 ЭЫДҰ мүше болып табылатын және 18 – дамушы ел. Дүниежүзілік банк, Африкалық даму банкі және Халықаралық валюталық қор бақылаушы болып табылады. Қазақстан Республикасы ЭЫДҰ Даму орталығына 2015 жылдың ақпанында кірді.   

 

 

 




Яндекс.Метрика