Экология

Астанада елдегі ормандарды сақтау және орман тоғайлылығын арттыру жобасының қорытындысы жасалды

Астанада «Ормандарды сақтау және республиканың орман тоғайлылығын арттыру» жобасының қорытындысы бойынша халықаралық семинар өтуде.
Астана қаласы25 Маусым , 10:27

Семинар барысында «Ормандарды сақтау және республикамыздың орман тоғайлылығын арттыру» инвестициялық жобасының  қорытындысы жасалды, ол 2007 жылдың 7 маусымындағы Қазақстан Үкіметі мен Қайта құру және даму халықаралық банкі арасындағы қарыз бен грант туралы келісімді ратификациялау туралы ҚР заңына сәйкес жүзеге асырылды.

Жоба 2007-2015 жылдар аралығында 8 жыл бойы жүргізілді. Жобалық аумақтар  ШҚО пен Павлодар облысындағы Ертіс маңындағы ну орман, Қызылорда облысындағы Арал өзенінің құрғап кеткен түбі мен сексеуіл отырғызылған аймақтар.

Жобаның мақсаты Ертіс маңындағы ну ормандарды сақтап қалу және орман өрттері мен кесіп тастаудан оразан зор зиян шеккендерін қайта қалпына келтіру, Арал теңізінің құрғап кеткен түбін фито орманды суландыру, Қызылорда облысында сексеуіл отырғызу арқылы мал жайылымдарын қалпына келтіру және т.б.

Жалпы, жоба ҚР-дағы ормандар санын арттырып, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған, оның пайдасын күллі халық көретін болады.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика