Адами капитал

ҚР ҚМ Кадет корпусының тәрбиеленушісі әлемдік рекордты жаңартуды жоспарлауда

Кадет корпусының әскери қызметшісі Ержан Құсайынов екі қолмен күшпен шығу жаттығуын (белтемірге күшпен шығу №6 жаттығуы) орындау бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде ҚР Қарулы Күштерінің рекордынан асып түсетін нәтиже көрсетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы26 Маусым , 08:37

«Ержан бұл жаттығуды 1 сағат 43 минутта орындап, осы уақыт ішінде 505 рет көтерілді.  Бұдан бұрын 1 сағат 40 минут ішінде белтемірде 400 рет көтерілетін (минутына немесе бір қайталауда 25 рет)  43386 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант Ержан Әбілмансұров туралы айтқан болатынбыз», - делінген хабарламада.

Алайда, кадет Құсайынов айырмашылығы 3 минут, ал саны жағынан рекордшымен салыстырғанда 105 рет көбірек орындады. Ержан Құсайыновтың мұнымен тоқтамақ ойы жоқ.  Қазір ол ынта-жігерін салып, әлемдік рекордты жаңартуды жоспарлап отыр.

Екі қолмен күшпен шығу жаттығуы қазақстандық әскери қызметшілердің дене даярлығының міндетті түрдегі нормативтердің бөлігі, күштің кешенді көрсеткіші болып табылатынын атап өту қажет. Ол белтемірде кеудені белге дейін көтеруді көздейді.  Сондықтан белтемірге әдеттегідей тартылуға қарағанда анағұрлым күрделірек және дене даярлығы, күш пен төзімділіктің жоғары деңгейін қажет етеді.

 

 




Яндекс.Метрика