Өңірлер

Қостанай облысында кезекті өрт сөндіру бекеті жұмысқа кірісті (Фото)

Қостанай облысының Таран ауданының Новоильиновское ауылында №3 өрт сөндіру бекеті ашылды.
Қостанай 25 Маусым, 14:49

Аймақтың ТЖД хабарлағандай, осы ауылда өрт сөндіру бекетінің жасақталуы қосымша 3 мыңнан астам халқы бар Валерьянов, Козырев, Богородск, Мирный, Ақсуат, Притобольск, Увальный, Ленинский ауылдарын және де Әулиекөл мен Қостанай аудандарының шекарасындағы дала алқабын өрттен қорғайды.

Өрт сөндіру бекетіне қызмет көрсету үшін ТЖ департаменті АЦ-40 өртке қарсы құралдарымен жабдықталған өрт көлігін берді. Өрт сөндіру бекеті ерікті өрт сөндіру құрылымының жеке құрамына және өрт сөндіру көлігін орналастыру үшін жылытылатын үй-жаймен қамтамасыздандырылған. 

Төтенше жағдайлар департаментінің Кәсіби дайындық мектебінің оқытушы құрамы ерікті өрт сөндіру құралымының өрт сөндірушілері мен жүргізушілерінің (олардың ішінде екі жүргізуші және он бір өрт сөндіруші) арасында алғашқы дайындық бойынша оқыту жүргізді. Білікті комиссия сынақтар қабылдап, алғашқы дайындықтан өткен қызметкерлерге куәліктер тапсырды.

Елді мекендерді өрттерден қорғау бойынша өрт сөндіру бекетінің ашылуы Таран ауданы үшін үлкен оқиға болып табылады. Басты мақсаты - мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ шалғайдағы елді мекендердегі халықты қорғау, өрттің басталумен бірінші өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін аралықтағы уақытын қысқарту.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика