Өңірлік және халықаралық ықпалдастық

Қазақстан Қырғыз Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсетеді (Фото)

Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің Қырғыз Республикасы қорғаныс ведомствасының басшысы Әбибиллә Құдайбердиевпен кездесуі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 25 Маусым, 10:58

«Тәуелсіздік алғаннан бастап еліміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастық рухында дамып келеді. Еліміздің арасында өзара іс-қимылдың қамтылмаған салалары қалған жоқ, соның айғағы ретінде саяси, экономикалық, мәдени және әскери салалардағы белсенді сұхбаттар болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің өңірдегі  тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық мән береді. Осыны негізге ала отырып, Ауғанстандағы және іргелес  орналасқан аумақтардың жауынгерлік іс-қимылдарында негізделген шетел мемлекеттерінің жауынгерлік даярлық тәжірибесін зерделей отырып, өзіміздің қарулы күштерімізді нығайтуға барынша күш-жігер салып жатырмыз», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов. 

«Екіжақты немесе орта-азиялық бірлескен оқу-жаттығуларды әртүрлі сценарилер бойынша өткізу мүмкіндігін қарастыруды мақсатқа сәйкес деп ойлаймын. Сонымен қатар біздің Қарулы Күштердің жедел үйлесімділігін арттыратын таулы-орманды жерлерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу мүмкіндіктерін, заңсыз қаруланған құралымдармен күресу түрлері мен әдістерін  зерделей отырып, жауынгерлік даярлық аясында тәжірибе алмасу мақсатында біздің сарапшылардың кездесуін өткізуді ұсынамын», - деп Иманғали Тасмағамбетов атап өтті. 

«Қырғызстанның аумағы – бұл таулы жердің 95% және сәйкесінше бұл мәселеде тәжірибелеріңіз мол.  Қазақстандағы таулы аумақ 10%, бірақ, соның өзінде жауынгерлік іс-қимылдар өтетін мемлекеттердің аумағымен іргелес. Сондықтан тәжірибені зерделеу және біздің бөлімшелерді дайындау біз үшін өте маңызды. Таулы-орманды жерлерде жауынгерлік даярлық аясында тәжірибе алмасу өте маңызды аспект», - деп Иманғали Тасмағамбетов атап өтті», - делінген хабарламада.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Қазақстандағы жауынгерлік даярлық курстарында қырғыз әскери қызметшілерін даярлау мәселесі аяқталу кезеңінде тұрғанын хабарлады. Жылдың соңына дейін келісімшарт Бас штаб бастықтарының орынбасарлары деңгейінде қол қойылатыны және 2016 жылдан бастап Қазақстанда қырғыз әскери қызметшілерін дайындау басталатыны жоспарлануда.

 Сөз соңында қорғаныс ведомстваларының басшылары Қырғыз Республикасына ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойды. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында Қырғыз Республикасының 64 әскери қызметшісі дайындықтан өтіп жатқанын атап өткен жөн. Оның 2-уі офицер-тыңдаушы және 62 курсант. 1998 жылдан бастап 2015 жылға дейін ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында барлығы Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерінің 186 әскери қызметшісі білім алды. Олардың 29-ы офицер-тыңдаушы, 157-сі курсанттар.
 

 

 

 





Яндекс.Метрика