«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Көкшетауда өнеркәсіп саласында «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі талқылануда

Көкшетауда өнеркәсіп саласында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасын тұрғындар арасында түсіндіру» атты тақырыпта семинар өтіп жатыр. Шараны Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп ұйымдастыруда, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.
Ақмола25 Маусым , 13:16

Республикада 2015-2019 жылдарды қамтитын «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы қабылданды. Аталмыш бағдарлама аясында шағын және орта бизнес пен тұрғындардың іскерлік белсенділіктерін қолдау қарастырылған.

«Нрұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы толықтай Мемлекет басшысының Жолдауына негізделген. Бұл еліміздің 2019 жылға дейінгі қарқынды  және жасампаз дамуының негізі, бұл елдің әрбір қазақстандықтың өмір сапасына арттыруға бағытталған жол картасы. Жолдауда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығы айтылады. Бүгінде еліміздің кәсіпкерлік саласының басым бөлігі әйел азаматтардың қолында екендігі жасырын емес. Нәзік жандылардың кәсіпкерлік саласына жаппай келуі соңғы уақытта «үнсіз» революция деп бағалануда. Қазақстандықтардың жалданып жұмыс істеу мен өзі ісін ашу мүмкіндігін таңдауға толық мүмкіндіктері бар. Әйелдер әдетте осының екіншісін таңдайды»,-делінген хабарламада.    

Қазақстанда бизнестің қолдаудың «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламалары мен ҚазАгро тарапынан қолдау мен әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту сияқты көптеген шаралары бар. 




Яндекс.Метрика