Инфрақұрылымның дамуы

А.Есімов : Аймақтарды көліктерден арылтып, адамдар үшін жайлы жаңа демалыс орындарын құру қажет

Айналасында машина көп Алматыда болашақта ұтымды көлік жүйесі бар әрі адамдардың демалуына қолайлы қоғамдық кеңістіктер пайда болмақ. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов «Gehl Architects» атты дат компаниясы Алматы мен облыс үшін жасаған «Қоғамдық кеңістік – Қоғамдық өмір» деп аталатын қорытынды құжатты талқылау барысында айтты.
Алматы қаласы25 Маусым , 11:53

Бүкіл әлемге танымал урбанист Ян Гейлдің ұсыныстарымен оның орынбасары Рикардо Марини таныстырды, деп хабарлады қала әкімдігі.

«Біз бұл бағыттағы жұмысты бастап та кеттік, әр ауданда қалалықтардың демалуы үшін эксперименталді алаңдар пайда болуда. Мұның барлығы көлік қозғалысымен байланысты, олар - қоғамдық көлікті дамыту, автотұрақтар және басқалары. Жалпы, аймақтарды машиналардан арылтып, адамдар үшін жайлы жаңа демалыс орындарын құрған жөн», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы мегаполистің бірқатар көшелерінде тек қоғамдық көлік қана жүретін жолдардың болатындығын айтты. Естеріңізге сала кетейік, осындай арнайы жолағы бар жол Абай даңғылының бойында биылғы жылдың 15 маусымынан бастап жұмыс істеуде.

Өз кезегінде Рикардо Марини алматылықтар мен туристер үшін қаланы барынша жайлы ету жөнінде өз ұсыныстарын айтты.Урбанист кеңістікті программдау барысында алдыңғы кезекке мегаполистің ұтымды активтеріне айналған метроны көрсетуді, жасыл желекті одан әрі дамытуды, оларды саябақтармен жалғастыруды ұсынды.

«Алматы – әсем қала, бірақ оның сұлулығы сәл жасырын қалған, мына тауларды, ағаштар мен сарқырап ағып жатқан ағын суларды айшықтай түскен жөн. Мен Көк базар мен Жібек жолы даңғылын тарихи орынға айналдыруды, ал қала орталығы мен Әл- Фараби даңғылының бойында жер үсті жүргінші жолдарын көбейтуді ұсынар едім. «Астана» алаңындағы ұсқынсыз көлік тұрақтарын жойып, жасыл желектерді ғимараттарға жақындатып, ол жерлерге уақытша мебельдер қойған дұрыс болар еді» , - деп атап өтті Рикардо Марини.

Шара соңында мегаполис басшысы «Алматы- адамдар үшін жайлы қала» Концепциясын жүзеге асыру үшін профильді қызметтер мен ведомостволар басшыларына дайындық жұмыстарының жоспарын жасап, ұсынуды тапсырды.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика