Адами капитал

«Самұрық-Қазына» АҚ трансформация аясында лауазымдарды грейдирлеу жобасын іске асырады

Адам ресурстарын басқару жөніндегі Бас директор Қордың HR-қызметі компаниядағы лауазымдарды грейдирлеу жобасын жобасын қолға алғанын жеткізді.
Астана қаласы25 Маусым , 09:57

Сонымен қатар, Қор жаңа толқын жетекшілердің тобын жасақтауды қолға алады.   Бұл үшін HR-қызмет арнайы бағдарлама да жасады. Бұған сәйкес белсенді мамандарды басымдығы жоғары жобаларға, жауапты қызметтерге тағайындау қарастырылған.

«Біз алдымызға жаңа мақсат-міндеттер қойып отырмыз. Осы орайда мына мәліметтерді келтіргім келеді. 2014 жылы жалданған қызметкерлердің 85 %-ы ағылшын тілін еркін меңгерген. 2012 жылы бұл көрсеткіш 30% ғана болатын. 2014 жылы жалданған қызметкерлердің 90%-ы қазақ тілінде еркін сөйлейді. 2012 жылы 50% ғана еді. 2014 жылы жұмысқа қабылданған үміткерлердің 70%-ының шетелдік дипломы бар. 2012 жылы 30% болатын. 2014 жылы мамандардың 60%-ы бізге халықаралық компаниялардан, соның ішінде 40 %-ы «үлкен төрттіктен» келді. 2012 жылы бұл көрсеткіш, тиісінше 20% және 10% болатын. Әрине, бәрі ойдағыдай, керемет деп айтуға келмес, бірақ біз қарапайым халықаралық стандарттарды басшылыққа ала отырып, дамып, жетіліп келеміз», - деді Дэниел Крюсберг.

«Қордың өз қызметкерлері арасында үлкен жұмыстар атқарып жатқанын көріп отырмыз. Компаниялардың меритократия жолына түскені құптарлық. Қызметкерлерді үздіксіз оқыту мен таланттарды іріктеу қолға алынған. Бұл өте маңызды. Белсенді, қуатты адам капиталы болмай трансформация бағдарламасындағы мақсаттарға жету мүмкін емес», - деп атап өтті сенатор Серік Нөгербеков.

<p style="margin: 0cm 0cm 13.5pt; line-height: 13.5pt; outline: none; text-align: justify;" "="">«Самұрық-Қазына» АҚ бизнесті трансформациялау бағдарламасымен танысқан депутаттар Қорға мемлекеттік-жеке әріптестікті дамытуға көңіл бөлу қажеттігін де айтты. Бұл, өз кезегінде, Мемлекет басшысы бастамаларының орындалуына және ұлттық экономиканың дамуына Қор компаниялар тобының қосқан үлесі болмақ.

 




Яндекс.Метрика